Қызылордада екі күннен бері хабарсыз кеткен жасөспірім қыз өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Inform.kz. Іздестіру жұмыстарына қалалық полиция басқармасының 300-ге тарта қызметкері, төтенше жағдайлар департаменті мамандары, еріктілер тобы және жергілікті тұрғындар атсалысты.
«Бүгін, 20 маусымда жергілікті уақыт сағат 13:30 шамасында полиция қызметкерлері Тұңғыш Президент паркінің жанындағы Шіркейлі каналының бойынан жасөспірім қыздың денесін тапты. Ол үйінен шамамен 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұған байланысты қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Аталған оқиға бойынша тергеу әрекеттері басталды. Тергеу әрекеті облыстық полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.