Британдық ғалымдар коронавирусты тез емдеудің жолын тапты. Тиімді әдістердің бірі – астма ингаляторын қолдану. Зерттеулерге сәйкес, демікпе кезінде будесонидті қолдану арқылы аурудан тезірек айығуға болады. Ол қабынуға, аллергияға қарсы және иммуносупрессивті әсерге ие, – деп жазады РИА Новости. Зерттеуге қатысқандардың бірі бұл жаңалықты "пандемиядағы маңызды кезең" деп атады. Мамандар, сонымен қатар, будесонидтің әсерінен пациенттер орта есеппен үш күн ішінде сауығып кеткенін атап өтті.