Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады.
Тек батыс пен оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Кей жерлерде бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с-тан 23-28 м/с-қа күшейеді. Қостанай облысында түнде кей жерде найзағай, дауыл күтіледі, басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с-тан 23-28 м/с-қа күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі, кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23 м/с шаңды дауыл соғады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Атырау облысында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысында, Ақтөбе, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.