Әйел жалған құжатпен абақтыда отырған cотталушымен кездеспек болды
Әйел жалған құжатпен абақтыда отырған cотталушымен кездеспек болды
109
оқылды

Семей қаласындағы қатаң режимдегі колония қызметкерлері, жалған неке қию туралы куәлікпен ұзақ мерзімді кездесуге келген әйел адамды ұстады.

Мекеме қызметкерлерін алдап, жалған құжатпен «күйеуімен» ұзақ мерзімді кездесуге кіру үшін келген. Алайда мекеменің тәжірбиелі қызметкерлері бірден жалған құжатты анықтап, полиция шақырды. Құжатты тексеру барысында қызметкерлер құжатқа қол қойған тұлғаның қолы жалған екенін анықтады. Құжаттардың берілген күні тіркеу жасалған нөмірдің үшінші санымен сай келмейтіні анықталды.

«Келген адамның туыстық байланысты растайтын құжаттары үнемі мұқият тексеріледі. Сотталғанның кездесу картасында  әйел «жұбайы» деп көрсетілсе де, «ерлі-зайыптылардың» ортақ балалары болмағаны үшін ұзақ мерзімді кездесу ұсыну үшін растайтын құжат міндетті болады. Сараптама нәтижелері дайын болғанша, әйел адам куәліктің жалған екенін мойындаған жоқ, – деді мекеме бастығының орынбасары Бауыржан Тоқтыбаев.

Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Енді заң бұзған әйел 2000 АЕК дейін көлемінде айыппұл төлеуі немесе оның екі жылға дейін бас бостандығы шектелуі мүмкін.