Консерві зауытының іргесіндегі дау: тұрғындар баспанасыз далада қалуы мүмкін
Консерві зауытының іргесіндегі дау: тұрғындар баспанасыз далада қалуы мүмкін
140
оқылды

Бірнеше жыл бұрын Орал қаласында үш тұрғын үй кешені салынған болатын. Олардың бірінде тұрғындар келіп, қоныстой өткізіп жатқан уақытта, «Кублей» ЖШС консерві зауыты қуанышын су сепкендей басты.

Серіктестік өкілдерінің айтуынша, үйлер заңсыз салынған. Себебі, бұл жерлер мекеменің санитарлық қорғау аймағында орналасқан. Зауыт қала әкімдігінің жоғарыда көрсетілген аумақтың нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімдерін заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді.    width= «Талапкер консерві зауытының санитарлық қорғау аймағында тұрғын үйлер салу «Кублей» ЖШС-ның желдету және ауа баптау агрегаттарының физикалық әсеріне байланысты болашақ тұрғындардың шағымына әкелуі мүмкін деп санайды. Алайда құрылыс жүріп жатқан уақытта серіктестік бұзылғанына байланысты «Кублей» ЖШС консерві зауыты құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінбеген. Сол кезде салынған үй екінші деңгейлі банктер арқылы қала тұрғындарына толықтай сатылған. Қазіргі таңда сот талқылаулары жүріп жатыр. Іс Жоғарғы сотқа дейін жетті. Егер сот «Кублей» ЖШС тарапын қабылдайтын болса, үй бұзылып, адамдар баспанасыз қалуы мүмкін. Ал тұрғындардың көбі өздерінің осыған дейінгі тұрғын үйлерін сатып жіберіп, несие алып, жаңа пәтер сатып алуға бар қаржыларын салды», – деп хабарлады үй тұрғындарының мүддесін қорғаушы заңгер Абзал Құспан.    width= Тұрғындар әділдік іздеп, Батыс Қазақстан облыстық Nur Otan партиясы филиалына келді. Партия мүшелері өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында құрылыс салушы мен консерві зауыты өкілдерінің кездесуін ұйымдастыруды ұсынды.

«Қазір тараптар Жоғарғы соттың шешімін күтуде, баршамызға белгілі, бірде-бір ұйымның сот процестеріне араласуға құқығы жоқ екені анық. Егер «Кублей» ЖШС өз өтінішін қайтарса, үйді бұзудың қажеті болмайды. Тұрғындар баспаналарын сақтап қала алады. Біз тұрғындар жағындамыз, сондықтан бұл мәселені бақылауда ұстайтын боламыз», – деді