Мәжіліс депутаты болған Тарас Хитуов қайтыс болды
Мәжіліс депутаты болған Тарас Хитуов қайтыс болды
146
оқылды
VI сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Тарас Хитуов қайтыс болды. Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов телеграм-каналында жазды.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» омбудсмені Тарас Хитуов 57 жасында қайтыс болды», - деп жазды ол.
Тарас Хитуов 1964 жылғы 4 ақпанда Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер - механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының аппаратура жабдығын жөндейтін слесары болып бастаған. 1988-1990 жж. - Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының ауысым шебері, техникалық қадағалау бөлімінің жетекші инженері. 1990-1991 жж. - «Ақжол» ЖШС технологы, Ақтау қаласы. 1991-1993 жж. - «Маңғыстау» бизнес-орталығының менеджері, Маңғыстау қаласы. 2000-2001жж. - Павлодар мұнай-химия зауытының цех бастығының орынбасары, Павлодар қаласы. 2002-2003 жж. - Маңғыстау облысының Ақтау қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2004 жж. - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі. 2004-2008 жж. - Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы. 2008-2010 жж. - Маңғыстау облысының Ақтау қаласы әкімінің орынбасары. 2010-2012 жж. - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның әлеуметтік саясат және персонал жөніндегі басқарушы директоры, Астана қаласы. 2012-2012 жж. - «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы. 2012-2015 жж. - «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның кадр және әкімшілік мәселелері жөніндегі вице-президенті, Ақтау қаласы. 2015-2016 жж. - «Қаражанбасмұнай» АҚ аппаратының басшысы, Ақтау қаласы. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап 2020 жылдың желтоқсанына – VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Соңғы қызметі - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» омбудсмені. Отбасылы, үш баласы және немересі бар.