VI сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Тарас Хитуов қайтыс болды. Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов телеграм-каналында жазды.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» омбудсмені Тарас Хитуов 57 жасында қайтыс болды», - деп жазды ол.Тарас Хитуов 1964 жылғы 4 ақпанда Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер - механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының аппаратура жабдығын жөндейтін слесары болып бастаған. 1988-1990 жж. - Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының ауысым шебері, техникалық қадағалау бөлімінің жетекші инженері. 1990-1991 жж. - «Ақжол» ЖШС технологы, Ақтау қаласы. 1991-1993 жж. - «Маңғыстау» бизнес-орталығының менеджері, Маңғыстау қаласы. 2000-2001жж. - Павлодар мұнай-химия зауытының цех бастығының орынбасары, Павлодар қаласы. 2002-2003 жж. - Маңғыстау облысының Ақтау қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2004 жж. - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі. 2004-2008 жж. - Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы. 2008-2010 жж. - Маңғыстау облысының Ақтау қаласы әкімінің орынбасары. 2010-2012 жж. - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның әлеуметтік саясат және персонал жөніндегі басқарушы директоры, Астана қаласы. 2012-2012 жж. - «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы. 2012-2015 жж. - «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның кадр және әкімшілік мәселелері жөніндегі вице-президенті, Ақтау қаласы. 2015-2016 жж. - «Қаражанбасмұнай» АҚ аппаратының басшысы, Ақтау қаласы. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап 2020 жылдың желтоқсанына – VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Соңғы қызметі - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» омбудсмені. Отбасылы, үш баласы және немересі бар.