Ұйымдастырушылар жарыс алдында турнирдің басты мақсаты – журналистермен тығыз байланыс орнатып, ынтымақтастықты арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру екенін атап өтті.
Еліміздің бас қаласында қызмет етіп жүрген баспасөз саласының 16 өкілі турнир көрігін қыздырып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Топтық кезеңнен қара үзіп шыққан 8 мықты өзара бас жүлдені сарапқа салды. https://youtu.be/rCltK4XUX_s Жарыс қорытындысына сай қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан «Қазақ радиосының» дикторы Мұхаммедәли Болатұлы турнир жеңімпазы атанды. Жүлделі екінші орын Qazaqstan ұлттық арнасының тілшісі Оңғар Алпысбайұлына бұйырды. Ал, «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Алмас Манап үздік үштіктен көрінді. Топтық кезеңнен шыққан бес қатысушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.А.ЖАСАНҰЛЫ