«Қазгидромет» РМК 22 маусымда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр болады. Кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні 18-23 м/с-қа артады. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. Сондай-ақ, Алматы облысындағы Іле Алатауы, Жетісу Алатауында жаңбыр, кей жерде қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с-ты-қа құрайды. Қырғыз Алатауында: өткінші жаңбыр, күндіз қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 25 м/с артады. Батыс Алтайда: жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын күтіледі. Сондай-ақ, найзағай, бұршақ болжанады. Батыс, солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с-қа артады. Тарбағатайда: кей жерде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыс, солтүстік-батыс желі 15-20 м/с-қа күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысында 36 градусқа дейінгі қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа артады. Кей жерде өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі болжанады. Алматы қаласында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс желі найзағай кезінде 15 м/с-қа күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с-қа артады. Күндіз кей жерлерде 42 градус қатты ыстық сақталады. Өңірдің оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Күндіз Атырау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с-қа артады. Күндіз Павлодар облысының кей жерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ты құрайды. Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +39 градус қатты ыстық болады. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с-қа артады. 22 маусымда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, 23 м/с-қа артады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады. 22 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, 24 маусымда таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. 22-24 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.