Қызылордада 29 жастағы қыз төрт күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті. Жаңақорған кентінде тұратын 1992 жылы туған Агнярова Гүлбейне 17 маусым күні сағат 08.00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Туыстары аудандық полиция бөліміне арызданған.
«Қыздың ерекше белгілері: бойы – 170-175 см, шашы – ұзын, қара, көзі – қара, домалақ, қыр мұрынды, қалың қасты, домалақ ерінді. Үстіне ақ түсті көйлек, қолында көк түсті сумка, аяғында ақ түсті туфли киген», - делінген хабарламада.