Жыл басынан бері 113 педофил сотталды
Жыл басынан бері  113 педофил сотталды
93
оқылды

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің тө­рағалығымен өткен кеңейтілген алқа оты­рысында прокуратура органдарының 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұ­мысы қорытындыланды.

Ведомствода нақтылағандай, биыл прокуратура органдары мемлекет пен азаматтардың мүдделерін қорғау, қылмысқа қарсы күрестің алдын алу, қыл­мыстық процестің үш буынды моделі институтын ен­гізу бойынша жұмыс жүргізді.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында мем­лекеттік бюджетке 11 млрд. теңгеден астам қаражат өтел­ді. 405 мың жұмыскердің пайдасына жалақы бойынша 3,4 млрд. теңге берешек өндірілді. Мобильді топтар 70 мыңнан астам кәсіпкерлер құ­қығын бұзу­дың жолын кесті, 26 млн. теңгеден астам сомаға 29 мың әкімшілік өндіріс жойылды. «Қыл­мыстық заң­­­на­­­маны қатаңдату нәтижесінде мас күйінде көлік жүр­­­­гізгені үшін бас бостандығынан айырылған­­дар­дың саны 4,5 есеге – 106-дан 473-ке дейін ұлғайды, бала­лардың жыныстық зорлық-зомбылық туралы істері бойынша барлық 113 педо­фил түзеу меке­мелеріне жіберілді» деп хабарлады Бас проку­ратураның бас­пасөз қызметі.

М.ХАҚНАЗАР.