Ұлы Отан соғысының басталғанына тура 80 жыл толды - Тоқаев
Ұлы Отан соғысының басталғанына тура 80 жыл толды - Тоқаев
154
оқылды
Бүгін Ұлы Отан соғысының басталғанына тура 80 жыл толды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 
«Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі тарихтағы ең қанды соғыстың майданында қаза тапты. Олардың ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Мұндай қасіретке ешқашан жол бермеу – барша адамзаттың міндеті» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.