Германияда неміс әжейді ақтық сапарға қазақтың әнімен шығарған (видео)
Германияда неміс әжейді ақтық сапарға қазақтың әнімен шығарған (видео)
257
оқылды

Германияда жерлеу рәсімінен түсірілген“Балалары анасының соңғы өтінішін орындаған. Неміс әжей  Бахтың немесе Штраустың музыкасын емес, қарапайым қазақ әнін қалаған. Әннің мәтінінде “Сағыныш! Туып-өскен жеріңді бағала!” деген сөздер бар.

Видео желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=UQsphcunwFQ&t=2s&ab_channel=JulianNagelsmann[/embed] “Отанға деген сүйіспеншілік – ең мейірімді, ең жарқын сезім. Өмірдегі ең ұмытылмас нәрсе –  балалық пен жастық шақ. Жақын достар табу, олармен қарым-қатынасқа түсіп, тіл табысу – бәрі бала кезден басталады. Мүмкін ол Қазақстанға келе алмаған шығар. Осылайша, Қазақстанда өзін білетіндердің бәрімен қоштасқан шығар”, ” Немістер – дана халық, әсіресе біздің немістер! Туған жерге деген қандай құрмет”, ” Отанды ештеңе алмастыра алмайды! Отан – бұл екінші анамыз деу бекер емес”, – деді олар.