Фракция жұмысын жандандыру шаралары талқыланды
Фракция жұмысын жандандыру шаралары талқыланды
Үшінші мегаполисте «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының аппараты мен қалалық мәслихаттағы фракция мүшелерінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның төрағалығымен өткен жиында партияның аймақтық филиалы мен фракция мүшелерінің алдағы кезеңге арналған  қоғамдық-саяси және идеологиялық міндеттері, фракция мүшелерінің партия жарғысын орындауы мен партия этика кодексіне сәйкес міндеттері, Шымкент қалалық мәслихатындағы фракция жұмысын жандандыру бойынша мәселелер қаралды. Партияның Мәслихаттағы фракциясының жұмысын барынша күшейту және қалалық партия филиалы аппаратымен тығыз байланысты нығайту жолдары талқыланып, Сай­лауалды бағдарла­маның орындалуы мен халықтың талап-тілегін қанағаттандыру тетіктері сөз болды. Мәжілісте қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов  алдағы кезеңге арналған  қоғамдық-саяси және идеологиялық міндеттерін баяндап,  әрбір фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін түбегейлі  күшейту, нұротандықтардың халықпен жүйелі және нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету жайы айтылды. Сондай-ақ, Фракция мүшелерінің партия жарғысын орындауы мен этика кодексіне сәйкес міндеттеріне тоқталған  партиялық бақылау инспекторы Бағдат Ысқаков Шымкент қалалық мәслихатындағы 30 депутаттың 23-і «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі екендігін жеткізді. Кеңейтілген мәжіліс соңында Жанар Әлібекқызы алда сайлауалды бағдарламада көрсетілген 149 іс-шараны сапалы орындау, стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және іске асыру міндеті тұрғанын  жеткізіп,   Шымкент қалалық мәслихатындағы фракция жетекшісіне және мүшелеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеді.  

Н. НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы