Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Ақтөбеде жол-көлік апаты салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. Оқиға 21 маусым күні сағат 17:21-де «Қарабұтақ-Қостанай» автожолының 171-шақырымында болды. Lifan автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі қарсы беттегі жолаққа шығып кетіп, Ресей азаматының басқаруындағы Man жүк автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан Lifan автокөлігінің жүргізушісі, 41 және 62 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
«Сонымен қатар 52 жастағы әйел мен 48 жастағы ер адам Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жол ережесін сақтамай, қайғылы жағдайға душар болып жатады», - дейді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.