Президент субұрқақта адамдарды құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады
Президент субұрқақта адамдарды құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады
113
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарған қазақстандық студентті Құрмет грамотасымен марапаттады.
«Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли