«Бұл – менің жеке шешімім»: 99 жастағы әже вакцина салғызды
«Бұл – менің жеке шешімім»: 99 жастағы әже вакцина салғызды
Алматыда 99 жастағы әжей коронавирусқа қарсы вакцина алды.  Бүгін №36 қалалық емханада 99 жастағы батыр ана  Зағиша Шалова вакцина салдырды, – деп жазады ҚазАқпарат. 12 баланың анасы, 15 немеренің әжесі «Спутник V» ресейлік препаратын таңдаған.
«Бұл - менің жеке шешімім, бұл ауру мені және менің туыстарымды айналып өтсе деймін. Балаларымның барлығы екпе алып қойған. Қазір өзімді жақсы сезінем, еш ауытқулар немесе өзімді жаман сезінген емеспін, ары қарай да осылай болады деп үміттенемін», – дейді әжей.
Вакцина салу басталғалы бері Наурызбай ауданы бойынша 27 мың адам екпе алды,  40%-ы  №36 қалалық емханасында алған.