Төртеу түгел сапта, топтық кезеңге өте аламыз ба?
Төртеу түгел сапта,  топтық кезеңге өте аламыз ба?

Биыл еурокубоктік дода­ның іріктеу кезеңіне қаты­са­тын қазақстандық клубтар­дың қарсыластары өткен жыл­мен салыстырғанда әл­де­қайда қарымды. Жеребеде төрт командамызға да Еуро­падағы мықты клубтар түсті. Оларға қарсы қауқар таныта алар ма екенбіз? Алдымен ел чемпиондарының ежелгі қарсыластарына тоқталайық.

Араға 16 жыл салып Чемпион­дар лигасына қайта оралған «Қай­раттың» бұл турнирдегі жолы жеңіл болмайын деп тұр. Жарысты бірінші іріктеу кезеңінен бастай­тын алматылық клубқа Израиль чемпионы хайфалық «Маккаби» қарсылас атанды. Естеріңізде болса, былтыр Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде дәл осы клуб «Қайратты» жарыс жолынан шы­ғарып жіберген. Бұл жолы да екі клубтың жолы қайтадан түйісіп отыр. Чемпиондар лигасының бі­рін­ші іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны 6/7 шілдеде Хайфада, қа­рым­та ойын 13/14 шілдеде Алма­ты­да өтеді.

Несін жасырайық, «Қайрат­пен» салыстырғанда «Маккабидің» еурокубоктардағы тәжірибесі мол. Бірнеше рет Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық ке­зеңдерінде өнер көрсетті. Был­тыр­ғы маусымда «Маккаби» Еуро­па лигасының іріктеу кезеңінде «Же­лезничар», «Қайрат» пен «Рос­­­тов­ты» жеңіп, плей-офф са­ты­­сында лондондық «Тоттен­хэм­нен» ғана жеңіліп қалған. Сон­дық­тан алматылық ұжымға из­раиль­­дік командаға қарсы тұру оңай бола қоймас. Бұл жерде тек қазақстандық клубтың алғашқы ойы­ны сырт алаңда болатыны аз да болса командаға үміт сыйлайды. Өз кезегінде   Prosports.kz сайты­ның журналисі Есет Төлеш биыл­ғы додадағы «Қайраттың» мүмкін­ді­гіне қысқаша тоқталып өтті. 

– «Маккабиге» қарсы матч «Қай­рат» үшін алдымен психо­ло­гия­лық тұрғыда қиын болатын шы­ғар. Себебі алматылық клуб­тың израильдіктерге қарсы жолы бол­майды. Бұған дейін Израиль ко­мандалары «Қайратты» үш рет Еу­ропа лигасынан шығарып жі­бер­ген. Оның үстіне, алматылық команда биылғы маусымды сәтсіз өткізіп жатыр. Қазақстан чемпио­на­тында үшінші орында келеді. Көш басындағы «Астанадан» 8 ұпайға қалып тұр. Таяуда бас бап­кері Алексей Шпилевский коман­дадан кетіп қалды. Бұл да команда үшін ауыр соққы. «Маккабиге» қарсы ойынға аз уақыт қалды. Хай­фалық клуб  қазір бабында. Биыл команда 27 матч өткізіп, оның төртеуінде ғана жеңілген. Сол себепті бұл ойын ел чемпион­дары үшін оңайға түспейді, – дейді Есет.
Күні кеше «Қайраттың» черно­гориялық жартылай қорғаушысы Небойша Косович те спорт басы­лымдарына Чемпиондар лигасы­ның бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы туралы пікір берді.

– «Маккаби Хайфамен» жолы­мыз қайтадан түйісті. Бұл жолы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнаймыз. «Қайраттың» құрамы қазір жақсы ойыншы­лармен толысты. Сол себепті ке­лесі кезеңге өте аламыз деп ойлай­мын. Біздің командамыздың ал­дын­да тұрған жалғыз проблема ол – Еуропа аренасындағы матчтарда тәжірибеміздің аздығы.  Вагнер Лавтың тәжірибесі бізге көмек­тесе­тініне сенеміз. Мен қарсылас команданың бұған дейін өткізген біраз ойындарын қарап шықтым. Жап-жақсы команда, керемет ойын­шылары бар. Бірақ біз қар­сы­лас­ты жеңуге, келесі кезеңге өту­ге тырысамыз, – деді Косович.

Басқасы басқа, ел чем­пиондары са­пындағы үздік ойын­шы­лардың бірі саналатын черно­гориялық фут­болшының коман­дасы­мен ке­лесі кезеңге өтуге ұмтылысы жо­ғары екенін байқа­дық. Қалғанын ойын көрсетер.

Ал Конференция лигасының ірік­теуіне Қазақстаннан үш клуб қатысады. Олар – елордалық «Астана», қостанайлық «Тобыл» және қарағандылық «Шахтер». Үш команда да турнирді екінші ірік­теу кезеңінен бастайды. «Аста­на» бұл кезеңде грекиялық «Арис» ко­мандасымен кездеседі. «Тобыл­дың» қарсыласы хорватия­лық «Хайдук» клубы. «Шахтер» румы­ния­лық «Стяуамен» ойнай­ды. Кон­ференция лигасы екінші ірік­т­еу кезеңінің алғашқы кездесу­лері 22 шілдеде, қарымта ойындар 29 шілдеде өтеді. 

Аталған сындағы қазақстандық клубтардың арасында қостанай­лық командаға үлкен сенім арты­лып отыр. Жанкүйерлер «Тобыл» хорваттармен тең жағдайда ойын өр­негін көрсете алады деп есеп­тейді. Жалпы, Хорватияда бір ғана гранд бар, ол Загребтің «Дина­мо­сы». Қалған клубтардың деңгейі қа­райлас. Өткен маусымда «Хай­дук» чемпионатты 4-орынмен аяқ­тады. Демек, «Тобылға» үшінші ке­зеңге сенімді қадам жасауға бо­латындай.

Хорватияның танымал Jutarnji List порталының футбол шолу­шы­сы Драко Рузич те Конферен­ция лигасының екінші іріктеу ке­зеңінде қиын қарсыласқа түс­кенін жазған. Сарапшы бұл кез­де­су­де неге қазақстандық клуб аут­сайдер саналмайтынын түсіндіре келе «Тобылдың» басты артықшы­лы­ғын атап өткен. 

Былтырғы қарқынын жоғалт­қан «Шахтерде» «Стяуаға» қарсы тұра алатын шама да, қарқын да аз. «Тұран» мен «Қайсардан» жеңі­ліп жүрген клубтың еуро­па­лық азу­лы команданы жеңетініне сену қиын. Қарағандылық клубқа қос ойында ірі есеппен жеңілмеу, ба­рын­ша тең есепті ұстау маңызды са­налатыны анық. Бір қызығы, ру­мыниялық «Стяуаның» жан­күйер­­лері «Шахтерға» қарсы ой­нау қиын екенін, келесі кезеңге өтуге мүмкіндіктерінің аз екенін айтыпты. Олар командаларының бұрынғыдай азулы емес екенін, кейінгі кезде жақсы нәтиже көр­сете алмай жүргенін сөз еткен. Ендеше румындарға қарсы ойын­да «кеншілерден» еуромаусымда «Ақтөбенің» кеткен есесін қай­таратын ерік-жігер күтеміз.
Қазақстанның алты дүркін чем­пионы «Астана» командасы Конференция лигасындағы бар­лық қатысушының ішіндегі ең мық­тысына тап болды. «Арис» жан­күйерлері Конференция лига­сының екінші турында азулы қар­сыласқа кезіккендерін айтып, бұл командаға қарсы сақ ойнау керек екенін атап өткен. «Оларда чем­пио­нат орта шебіне жетті, сондық­тан «Астананың» футбол­шылары нағыз бабында. Біздің футбол­шы­ларға қорғаныста аса сақ ойнаған жөн» деп ескертеді.
Футболдан Қазақстан U-21 жас­тар құрамасының аға жаттық­тыру­шысы Қайрат Нұрдәулетов биыл­ғы еуромаусымдағы ел клуб­тарының ешқайсысының жолы жеңіл болмайтынын айтып отыр.

– Былтырғы еуромаусым біз­дің клубтар үшін сәтсіз болды. Осы жылы сол олқылықтың ор­нын толтыруға тиіспіз. Төрт клуб­қа да еуромаусым алдында барлық жағ­дай жасалып жатыр. Оның үстіне, чемпионат та нақ қызған ша­ғында. Еуропада көптеген бірін­­шілікте чемпионат әлі бас­тал­­мады. Ол біз үшін үлкен көмек десе де болады. Бұл жерде отандық командалардан мынау өтеді, мынау өте алмайды деп айта ал­май­мын. Бәріне де мықты қарсы­лас­тар тап болды. «Қайрат» Чем­пион­дар лигасындағы қарсы­ласы хайфалық «Маккабиді» жақсы біледі. Алғашқы ойынын сырт алаң­да, қарымта ойынды өз алаңын­да өткізеді. Өзге де коман­да­­ларға келесі кезеңге өтуге мүм­кін­дік бар. Барлығына сәттілік жол­дас болсын, – дейді футбол ма­маны. 

Біз де еурокубоктік ойындарда ко­мандаларымыздың жеңісті ойын­дары көп болса деп тілейміз. Ал қалғаны бапкерлер мен ойын­шы­лардың өз қолында.
Абылайхан ЖҰМАШ