Қор 2020 жылды табысты аяқтады
Қор 2020 жылды  табысты аяқтады
135
оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зидентінің төраға­лы­ғымен «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қорын бас­қару жөніндегі кеңестің оты­рысы өтті.

Жиында кеңес шешімдерінің орындалу нәтижелері бойынша баяндамалар тыңдалып, қордың болашақ инвестициялық жоба­ларының бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев «Са­мұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы бас­қар­­масының төрағасы А.Сәтқа­лиев­тің ақпаратын тыңдай келе, қор жұмысына оң баға берді. Дүние­жүзілік дағдарыстың Қазақ­стан экономикасына әсеріне қа­ра­мастан, қор 2020 жылды табыс­ты аяқтағаны айтылды.

Кеңес мүшелері «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясының сатып алу кезіндегі жергілікті үлес­ті арттыруға бағытталған тә­сілдеріне, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қорғау шара­ларына қолдау білдірді. Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы пандемия жағ­дайында Үкімет ұлттық экономи­каны қолдау үшін барлық тетікті белсенді әрі тиімді пайдаланып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар кеңес бары­сында «Қазмұнайгаз» ұлттық ком­паниясы» акционерлік қоғамы мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы басшыларының есебі тыңдалды. Жиын қорытындысы бойынша ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы бір­қатар нақты тапсырма берді.