«Ертеңнен бастап...» – мұғалімдерді вакцина алуға мәжбүрлеп жатыр ма?
«Ертеңнен бастап...» – мұғалімдерді вакцина алуға мәжбүрлеп жатыр ма?
267
оқылды

Оқиға еліміздің қай мектептен шыққаны әзірге белгісіз, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Аудиожазбада сөйлеген әйелдің айтуынша, телефонограмма қалалық білім бөлімінен келген. «Кім вакцина алмаса, алдағы үш күн ішінде вакцина алсын деді. Бұл өте шұғыл! Кім алмайтын болса жұмыстан босатылады. Қыздар естідіңіздер ме?! Егер жұмыс істегілеріңіз келсе, ертең таңертеңнен бастап барлығыңыз вакцина қабылдауға барасыздар. Егер жұмыс істегілеріңіз келмесе жұмыстан босатады. Қазір міне қалалық білім бөлімінен телефонограмма келді. Директор маған аудиозаписьпен жіберді. Оны мен сіздерге жібермей-ақ қояйын. Егер біреулеріңізде ауруларыңыз болса, онда «медотводтан вакцина алуға болмайды» емханадан анықтама алып келесіздер. Бәріңіз естідіңіздер ме? Ертеңнен бастап бәріміз вакцина аламыз!» делінген аудиохабарламада. Әзірге бұл аудиохабарламаның еліміздің қай мектебінен таратылғаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайын Білім және ғылым министрлігі тікелей анықтамақ. [audio ogg="https://aikyn.kz/wp-content/uploads/2021/06/whatsapp-audio-2021-06-23-at-11.51.51.ogg"][/audio]

«Жалпы, вакцина алмаса, жұмыстан шығу деген тапсырма болған жоқ министрлік тарапынан. Білім және ғылым министрлігінен ондай мәжбүрлеу деген жоқ. Қазір анықтаймыз осы жазба бойынша», – деді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Абдуалиева.

Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі аталған хабарлама бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізуде.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы