Ақтөбе облысында 100-ден астам ауылға газ тартылады
Ақтөбе облысында 100-ден астам ауылға газ тартылады
175
оқылды

Солардың бірі газ жақында тартылады. Қазір құрылыс жұмыстары басталып кетті. Аудан орталығы Қандыағаш қаласынан 26 шақырым қашықтықта орналасқан бұл ауылда 1300-ден астам адам тұрады.

Мұнда орта мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі және кітапхана жұмыс істейді. Жақында ауылға ауызсу келді. Енді ауыл тұрғындары көгілдір отынның да игілігін көрмек. Қандыағаш-Жұрын-Қаракөл бағытына газ құбырларын тарту үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 400 мың теңгеден астам қаражат бөлінген. Қазір Қандыағаштан Жұрынға дейінгі құрылыстың 80%-і орындалды. Ауылдық округ әкімі Рамазан Үргенішбаевтың айтуынша, қыркүйек айының аяғына дейін 290 үйге газ беріледі.

«Мен осы ауылда туып-өстім. Қазіргі таңда екі ұлыммен бірге жайлы және жақсы жағдайда өмір сүретінім қуантады. Газ жүргізілсе, ісіміз алға баса түсері сөзсіз», – дейді 71 жастағы ауыл тұрғыны Ахмет Өтеулин.

Ақтөбе облысында барлығы 104 ауылдық елді мекенге газ тартылады.

Айта кетейік, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін жалпы 3,5 мыңнан астам ауыл жаңғыртылады. Әрбір тірек ауылға дейін 27 мың км жергілікті жол жөнделеді. Қала және ауыл халқының 100%-і сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізеді.