Адамдар смартфон алу үшін вакцина салдырып жатыр ма?
Адамдар смартфон алу үшін вакцина салдырып жатыр ма?
168
оқылды

Ерікті түрде екпе салдыруға билік бұқараны барынша шақырып жатыр. Алайда халықтың бойында үрей бар секілді. Осыған орай вакцина қабылдағандардың арасында iPhone 12 телефонын ойнатуда.

 «22.06.2021 және 02.07.2021 күндер аралығында КОВИД-ке қарсы вакцинаның I компонентін салдырған Тараз қаласының тұрғындарының iPhone 12 ұялы телефонын, телевизор, смарт-сағат ұтып алуға мүмкіндігі бар. Аталған күндері екпе салдырған азаматтар арасында жеңімпаздарды анықтау үшін 03.07.2021 ж. сағат 12:00-де taraz_jastary instagram-да онлайн режимінде ұтыс ойыны тікелей эфирде өткізіледі. Ұтыс ойынның жеңімпаздары емдеу мекемелеріндегі базада тіркелген ЖСН нөмірі бойынша кездейсоқ таңдау әдісі арқылы анықталады» делінген қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Шындығы керек, бұрнағы кезі мұндай маркетингтік қулықты жеке компаниялар тауарларын өткізуде немесе жарнамасын жасауда қолданып жататын. Ал енді коронавирус індетіне келгенде мұндай әдіс дұрыс болар ма екен? Әрине, қала әкімдігі кеселден арылудың бірден-бір жолы вакцинация екенін меңзеп тұрғаны түсінікті. Алайда қу дүниеге қызығып қанша адам екпе салдырады?

Акция кеше бастау алғандықтан қазір қанша адам iPhone 12  ұтып аламын деп вакцина алып жатқаны белгісіз. Әліптің артын бағып, күтейік...

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы