"Оқушылар мектепке оралады": Тоқаев өңір әкімдеріне бірқатар тапсырма берді
"Оқушылар мектепке оралады": Тоқаев өңір әкімдеріне бірқатар тапсырма берді
89
оқылды
Мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен ауыл әкімін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.  Мемлекет басшысы биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін айтты. Оның айтуынша, көптеген білім ордалары бір жылдан астам уақыт толыққанды жұмыс істемеді. Бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев университеттердің, мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымының дайындығын, сонымен қатар оқытушылар мен тәрбиешілер штатының жасақталу деңгейін тексеруді тапсырды.