Алматыда тұрғындар өзеннен ер адамның денесін тауып алды - Видео
Алматыда тұрғындар өзеннен ер адамның денесін тауып алды - Видео
139
оқылды

Алматыда жергілікті тұрғындар өзеннен ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әлеуметтік желіде видео тарады. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі растады.

«Бұл факті Түрксіб ауданының аумағында тіркелді. Ер адамның мәйіті табылды. Оның кім екені белгілі болды. Алдын ала сараптама кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», - деп хабарлады полициядан.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.