Қазақстандық теннисші әлемнің бесінші ракеткасын жеңіп, ширек финалға шықты
Қазақстандық теннисші әлемнің бесінші ракеткасын жеңіп, ширек финалға шықты
168
оқылды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Истбурн WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің бесінші, осы доданың 2-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен кездесті. Бірінші партияда брейкпен алға шыққан Рыбакина сол басымдылығын сақтай алды - 6:4. Екінші сет одан да тартысты өрбіп, тай-брейкте Елена жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3). Бір сағат 42 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Рыбакина айтулы жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 61-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен таласады.