ЕУРО-2020: Турнирдің плей-офф кезеңіне шыққан құрамалар белгілі болды
ЕУРО-2020: Турнирдің плей-офф кезеңіне шыққан құрамалар белгілі болды
153
оқылды
Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі мәресіне жетті. Турнирдің 1/8 финалына шыққан құрамалар толық белгілі болды. Топтық кезеңнің соңғы ойын күнінде E және F тобындағы құрамалар арасындағы кездесу өтті. Е тобындағы Испания құрамасы Словакия қақпасына жауапсыз 5 гол соқты. Осы топта Швеция мен Польша кездесуінде де бес гол соғылды. Швеция қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді. F тобында да тартысты кездесу жүрді. Португалия мен Франция арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Португалиялық Криштиану Роналду ойында екі пенальти орындап, құрама сапында өзінің 109-голын соқты. Осылайша ол Али Даеидің халықаралық деңгейдегі голдар рекордын қайталады. Осы топтағы тағы бір кездесуде Венгрия құрамасы Германияға қарсы ойнады. Кездесуде 2:2 есебімен тең ойнаған Германия екінші орын алып, плей-офф сатысына шықты. Турнирдің 1/8 финалының кестесі: 26 маусым, 22:00: Уэльс - Дания (Амстердам-Арена, Нидерланды) 27 маусым, 01:00: Италия - Австрия (Уэмбли, Лондон); 27 маусым, 22:00: Нидерланды - Чехия (Пушкаш Арена, Будапешт); 28 маусым, 01:00: Бельгия - Португалия (Олимпико де Севилья - Ла Картужа, Севилья) 28 маусым, 22:00: Хорватия - Испания (Паркен, Копенгаген) 29 маусым, 01:00: Франция - Швейцария (Ұлттық стадион, Бухарест) 29 маусым, 22:00: Англия - Германия (Уэмбли, Лондон) 30 маусым, 01:00: Швеция - Украина (Хэмпден паркі, Глазго).