«Қазақстан барысы»: биыл Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді
«Қазақстан барысы»: биыл Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді
185
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі оныншы рет биыл 4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл туралы Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазына 25 миллион теңге және алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы тайтұяқ табысталады. Екінші орынға 5 500 000 теңге және үшінші орынға 1 800 000 теңге, күміс және қола белбеуге ие болады.

Нұр-Сұлтан қаласының қызыл аймақта болуына байланысты залда 20 пайыз көрерменнің жарысты тамашалауына рұқсат етілген. Ресми салмақ өлшеу рәсімі 2 шілде күні сағат 19.00-де «Хан Шатырда» болады.