Биыл елімізде 755 ауыл әкімі сайланады

Биыл елімізде 755 ауыл әкімі сайланады

Биыл елімізде жыл соңына дейін 755 ауыл әкімі сайланады. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Қазақстанда 2 мың 346 ауыл әкімі бар. Оларды жаңа норма енгізілген соң өкілеттік мерзімдері аяқталғаннан кейін тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. Осылайша, тікелей сайлау арқылы азаматтардың мемлекеттік басқаруға атсалысу функциясы кезең-кезеңімен кеңейе түспек.