Сарыағашта халықаралық конференция өтті
Акгул Тажидаева
/ 24.06.2021
Сарыағашта халықаралық конференция өтті
Түркістан облысы
«Дәстүрімізбен біте қайнасатын мұсылмандық сипат сөз болғанда оңтүстік өлке назардан тыс қалмайды. Қазақтың байтақ даласы, оның ішінде Сарыағаш жұртына аты мәшһүр қос бірдей дін жанашыры Әбдісаттар, Әбдіғаппар Шәкірұлдары туралы көп айтуға болады. Еліміздегі діни білім беретін медреселер туралы айтылғанда алғаш «
Сарыағаш
медресесі» еске түседі. Ал «Сарыағаш медресесі» туралы айтылғанда Смановтар әулеті алда тұрады. Осы медресеге Әбдісаттар ағамыз өзі басшылық етіп, келген жастардың діни сауатын ашып қана қоймай, оларды маман етіп дайындауға күш салды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің»
деген өсиетіне амал етті. Сонымен қатар Әбдісаттар Сманов қасиетті Құран Кәрімнің қазақ тіліндегі аудармасын жасап, бірқатар ғылыми еңбектердің авторы атанды. Қазіргі таңда үлкен бір пәрменді институтқа айналған Ғұламалар кеңесінің құрылған жылдарында мүше боп, алғашқы пәтуаларды қабылдауда ғалым ретінде үлесін қосты. Жылдар бойы медресе қабырғасында көптеген шәкірт тәрбиеледі» дей келе Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алқалы жиынға арқау болған ұлағатты ұстаздардың дін мен руханият жолында атқарған еңбегіне ерекше тоқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Өмірдің бар сынағы осымен кетсін...»: Қарақат Әбілдина жантебірентер жазба...
Жаңалықтар
Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторында қаза тапқан Сания ісі қоғамда резона...
Жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы қуанышты жаңалығын жеткізді
Жаңалықтар
«Күтпеген жерден үйлі болдым»: актриса Анар Әділова қуанышты жаңалығын жетк...
Жаңалықтар
Роза Рымбаеваның жаңа образы қызу талқыға түсті
Жаңалықтар
Бейіт басында ән айтқан Зарина Омарова сынға қалды (видео)