Алматыда КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты
Алматыда КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты
Алматыдағы Алатау ауданында Шұғыла мен Түймебаев көшелерінің қиылысында Mercedes жеңіл көлігі мен КамАЗ соқтығысты. Көшелердің қиылысында жол беруі тиіс болған Mercedes-Benz жүргізушісі қиылысқа шығып кетіп, оны су таситын "КамАЗ" көлігі соқты. Жойқын соққыдан кейін Mercedes-Benz көше бойындағы қоршауды жапырып, үйге соғылса, КамАЗ барып ағашқа соғылды. Оның тіпті цистернасы түсіп қалған.   [caption id="attachment_146877" align="alignnone" width="450"] width= Фото: zakon.kz[/caption] Нәтижесінде Mercedes-Benz-те отырған үш қыз бен КамАЗ жолаушысы ауруханаға жеткізілді.