Өзбекстан азаматына төлқұжат берілді
Өзбекстан азаматына төлқұжат берілді
124
оқылды
«Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалына келген Өтеген батыр ауылының тұрғыны Руслан Абдибаев жұбайы  Л.Құдайбергенованың Өзбекстан Республикасының азаматы екенін айтты. Сөйтіп, 12 жыл бойы рәсімделмеген жеке куәлік құжатын рәсімдеу жөнінде өтініш білдіріп, Қазақстан заңы аясында «Nur Otan» партиясының тарапынан ықпал етуді сұрады.  «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Алмасбек Қожабекұлы өтінішті қабылдап, заңгер Қуаныш Балғазыұлына «Заңгерлік көмек» жобасы аясында қолдау көрсетіп, мәселенің шешілуіне ықпал етуін сұрады. Заңгер ұсынысты толық қолдап, жолдаманы дайындап, құжаттарды рәсімдеді. Осылайша, Л.Құдайбергенова жеке куәлік алып, мәселе оңынан шешілді. Р.Абдибаев және Л.Құдайбергенова «Nur Otan» партиясының жарқын болашағына сенетінін айтып, алғыс білдірді.  Төрағаның бірінші орынбасары А.Сатибаевтың жұмысына табыс тіледі.