ШҚО-да көліктері батпаққа батып қалған 9 адам эвакуацияланды

ШҚО-да көліктері батпаққа батып қалған 9 адам эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар көлігі батпаққа батып қалған 9 адамға көмек көрсетті, — деп хабарлайды Inform.kz. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «112» нөміріне қоңырау шалған азамат Бұқтырмадағы демалыс базаларының біріне барар жолда ауа-райының қолайсыздығынан көлігі батпаққа батып қалғанын айтқан. Осылайша, 9 адам жолда қалды. https://www.youtube.com/watch?v=2JJKkPEr1No

«Құтқарушылар жол талғамайтын техникамен оқиға орнына жедел келіп жетті. 9 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды. Екі автокөлік батпақтан сүйреп шығарылды. Содан кейін саяхатшылар өз жолдарын ары қарай жалғастыра алды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.