Алматыда жол ортасына ағаш құлап, 5 көлікке зақым келген
Алматыда жол ортасына ағаш құлап, 5 көлікке зақым келген
128
оқылды
Алматыда Мәметова көшесінің бойында ағаштың бұтағы сынып бес көлікке зақым келді, — деп хабарлады sputnik.kz. Қатты желдің салдарынан ағаш бұтағы төменде тұрақта тұрған көліктерге, сондай-ақ Желтоқсан мен Абылай хан көшелерінің арасында Маметова бойында кептелісте тұрған Mersedes-ке құлаған. [caption id="attachment_146895" align="alignnone" width="1024"]Алматы Фото: sputnik.kz[/caption] Ағаш бұтағы Mersedes-тің артқы терезелерін сындырып, шығын келтірді. Көлік иелері полиция шақырып, тиісті құжаттарды ресімдеді. Бір күн бұрын Алматыда екпіні секундына 20 метрге дейін жететін жел соғып, жаңбыр жауады деп болжанған.