Қашықтан жұмыс істейтіндердің жалақысы азая ма?
Қашықтан жұмыс істейтіндердің жалақысы азая ма?
161
оқылды

Бұл туралы Сенат отырысында айтылды. Тиісті құжат екінші оқылымда мақұлданды. Заңға сәйкес уақытша қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерді коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету жұмыс берушінің міндетіне кіреді. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Сонымен бірге, орындалатын жұмыс көлемі сақталған жағдайда қызметкердің жалақысы төмендемейді. Сонымен қатар бұдан былай қашықтан және аралас қашықтан жұмыс істеу ұғымы енгізілмек.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев: «Елде азаматтар қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен кезде тиісті заңнамалық реттеудің жоқтығы еңбек қатынасында кейбір мәселені туғызғаны белгілі. Осы заң құқықтық негіздерді қалыптастыруға арналған. Сондықтан бұл нормалардың маңызы зор», – деді.

Бұған дейін вакцина алмаған азаматтар қашықтан жұмыс істейтіні туралы хабарлаған болатынбыз.