Жаңа форма: бұдан былай полицейлер кроссовка киеді
Жаңа форма: бұдан былай полицейлер кроссовка киеді
359
оқылды

Қазақстанның ішкі істер министрлігі полицейлер үшін әзірленген жаңа үлгідегі форманы көрсетті, – деп хабарлайды   Қызмет атқарудың ерекшелігі мен жағдайларын ескере отырып, жаңа үлгідегі форма дизайны мен құрылымына қарай патрульдік полиция қызметкерлеріне, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдарының басқару аппараттарына арналған киім болып топтастырылған.   [caption id="attachment_146971" align="aligncenter" width="1024"] width= Фото: polisia.kz[/caption] Мемлекет басшысының учаскелік полиция инспекторларының мәртебесі мен танымалдығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде олар үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді. Полиция басқармалары аппараттарының әйел – қызметкерлеріне арналған киім жазғы кезеңде киюге арналған көйлекпен толықтырылған.   [caption id="attachment_146972" align="aligncenter" width="1024"] width= Фото: polisia.kz[/caption] Қызметтердің барлық санаттары үшін POLISIA жарық шағылыстырғыш жазуы бар жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілері жасалды. Қызметкерлердің аяқкиімі алғаш рет өзгертілді. Кроссовкалар аяққа ыңғайлы, аяқты жарақаттанудан, сырғанаудан қорғайды.   [caption id="attachment_146973" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: polisia.kz[/caption] Қалалар мен облыстардың эмблемаларының негізінде киімнің оң жеңіне өңірлік жапсырмалар әзірленді. Бұйымдардағы жиектің түсі қызылдан көкшіл түске өзгерді. Металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды. Жарық шағылыстырғыш элементтерге ерекше назар аударылды.

Жаңа форманы енгізу қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. Оған ауысу жылдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және ескі форманың тозуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.