Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
129
оқылды
Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (13-0) 26 маусымда UFC-де екінші жекпе-жегін өткізбек. Боксшының қарсыласы – бразилиялық Мишел Празерис. Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 190 турнирінде өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 23.00-де басталады. Басты жекпе-жек 27 маусым күні түнгі сағат 2-ге жоспарланған. Рахмоновтың жекпе-жегі түнгі 12.30-дан 1.30-ға дейін өтуі мүмкін. UFC Fight Night 190 көрсетілімін UFC Fight Pass ақылы сервисінен және UFC ТВ ресми арнасынан тамашалауға болады (Қазақстанда тек tvcom-да көрсетіледі). 39 жастағы Мишел Празерис UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2019 жылы өткізді. Ол  төрешілердің бірауызды шешімімен Австриядан келген бразилиялық Исмаил Наурдиевтен жеңілген болатын. Шавкат Рахмонов былтыр қазанда UFC 254 турнирінде дебют жасады.