Елордада «Журналистер Аллеясы» ашылады

Елордада «Журналистер Аллеясы» ашылады

Нұр-Сұлтан қаласында интернетке тегін қосылу мүмкіндігі қарастырылған «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-те жазды.

«Құрметті ақпарат саласының қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен елордамызда «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда. Тегін интернетке қосылу мүмкіндігін қарастыратын аллея тілшілер қауымының шығармашылығын шыңдайтын жер ғана емес, бас қаламыздың барша тұрғындары мен қонақтары үшін де ең сүйікті орынға айналады деп сенемін. Аллеяға өмірден өтіп кеткен журналистикадағы жарқын тұлғалардың есімдері жазылған арнайы ағаштар өсіріп, еске алу тақталарын орнатамыз. Сондықтан аллеяны ашу мерзімін көшет отырғызуға ең қолайлы кезең күз маусымына ауыстырдық. Бұл бізге тағы бір бірегей жобаның аясында бас қосып, пікір алмасып, бірігіп игі іс атқаруға жол ашатын тамаша мүмкіндік болары сөзсіз», – деді А.Балаева.