Үндістанда алғаш рет науқас «Дельта+» штамынан қайтыс болды
Үндістанда алғаш рет науқас «Дельта+» штамынан қайтыс болды
Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында алғаш рет науқас «Дельта+» штамынан қайтыс болды. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында хабарлады. Сынамалары «Дельта+» нұсқасына оң нәтиже берген бес адамның төртеуі вакцинаны қабылдағанын және қазір олардың денсаулығы жақсы екенін атап өткен жөн. Алайда вакцина алмаған науқас вирустың салдарынан қайтыс болды, – деді мемлекеттік министр Вишвас Саранг. Қазір олармен байланысқа түскендер тексеріліп жатыр. Үндістанда қазірге дейін «Дельта+» штамы 40 адамнан анықталған. Ғалымдар коронaвирустың бұл түрі өте жұқпалы екенін айтады.