Қалалық жағажайда демалу кезінде Қостанай тұрғыны екінші қостанайлық азаматты ұрып өлтірген. Бұл фактіні Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Алдын ала тергеу барысында бұл күні үш ер адамның қалалық жағажай аймағына демалып шомылуға кеткені анықталды. Осыдан кейін олардың біреуі мен оларға жақындаған жәбірленуші арасында жанжал туындап, салдарынан 23 жастағы жігіт оған қолымен бірнеше соққы жасаған. Бейтаныс адам дене жарақатынан қайтыс болады», — деп хабарлады полиция.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс шеңберінде сот сараптамаларын жүргізу және кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында жедел тергеу шаралар кешенін жүргізу жоспарланған. Күдікті Қостанай қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыс орталығының 27 жастағы тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша Қостанай Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-тармағы негізінде (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.