Алматы облысында белгісіз біреулер полиция көлігіне оқ атқан

Алматы облысында белгісіз біреулер полиция көлігіне оқ атқан

Алматы - Өскемен тас жолында белгісіз біреулер полиция көлігіне оқ атты, оның ішінде Алматы облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары отырған, деп хабарлайды Атыс кезінде ешкім зардап шекпеген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жасырынған адамдарды анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.