Жәнібек Әлімханұлы мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Жәнібек Әлімханұлы мерзімінен бұрын жеңіске жетті
156
оқылды

Отандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы 30 жастағы америкалық Роб Брантты тізе бүктірді.

Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті. Бүгінгі бокс кешінің басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) кездеседі. Әлімханұлы мен Бранттың бәсекесі 10 раундқа жоспарланған. Алайда Әлімханұлы алтыншы раундта америкалықты нокдаунға түсірді. Ал сегізінші раундтан кейін Брант бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Бұл — Әлімханұлының он жекпе-жектегі оныншы және мерзімінен бұрынғы алтыншы жеңісі. Ал Брант үшінші рет жеңіліп отыр, оның қоржынында 26 жеңіс бар. https://youtu.be/UwOwS_bzq1U