Қазақстандық ұшақта сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (видео)
Қазақстандық ұшақта сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (видео)

Қазақстанда ер адам ұшақ бортында сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс айтты. Ұсыныс кезінде түсірілген видео желіде қызу талқыға түсті. 

Видео Instagram желісіндегі astana_city парақшасында жарияланды. Бейнежазбада алдымен хабарландыру болғаны естіліп, бортсерік жолаушылардың біріне қандай да бір өтініш бар екенін айтады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Nur-Sultan | Астана (@astana_city)

Артынша ер адам ұшу алдында гүл шоғымен шымылдықтың артынан шығып, тізерлеп, қызға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Қыз өз кезегінде сүйіктісіне келісімін берді.