«Тур де Франс» веложарысында ірі апат болды, 10-нан аса спортшы құлап, жарақат алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Velolive мәліметтері бойынша, Тур де Франс-2021-дің 1-кезеңінде спортшылардың жаппай құлауына плакат ұстаған жанкүйер себеп болған. Оқиға 47-шақырымда, Кот-де-Сент-Риоваль (Cote de Saint-Rivoal) төртінші санатының шыңында болды. Бірінші кезеңнің жалпы ұзындығы — 197,8 шақырым. Кадрлардан қыз қолына үлкен картон плакат ұстап алып, тар жолдың оң жағында тұрғанын, бірақ пелотонға емес, оператор отырған мотоциклге қарап тұрғанын көруге болады. Плакат пелотонның оң жағында, алда келе жатқан Тони Мартинге (Jumbo-Visma) тиіп кетеді. Ол құлап түседі. Артынан тығыз келе жатқан басқа шабандоздар да құлай бастайды. Sport.24tv мәліметінше, Jumbo-Visma командасынан ең қатты зардап шеккен спортшылар — словениялық Примож Роглич және бельгиялық Ваут Ван Арт. Олар алғашқылардың бірі болып құлады. Ал Тони Мартин шынтағы жараланса да жарысты жалғастырды. Ваута ван Арт (Jumbo-Visma), Джек Хайг (Bahrain-Victorious), Калеб Юэн (Lotto Soudal), Сонни Колбрелли (Bahrain-Victorious), Джулиан Алафилиппа ((Deceuninck-Quick Step), Марк Хирши (UAE Team Emirates) пелотонды қуып жетуге мәжбүр болды. Ваут ван Арт мәреге 31 шақырым қалғанда топқа оралды. Калеб Юэн мен Дилан Тенс тобы (Barhain-Victorious) мәреге дейін 21 шақырым жерде топқа оралды. Құлағаннан кейін DSM командасының 28 жастағы неміс велошабандозы Яша Зюттерлин (Jasha Sütterlin) жарыстан шығып қалды.