Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды
Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды
158
оқылды
Жамбылдық полицейлер Шу қаласының тұрғындарынан 96 келіден астам есірткі тәркіледі, — деп хабарлайды "Хабар 24". "Қарасора-2021" және "Канал" республикалық жедел алдын алу іс-шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері Шу-Меркі автожолында Audi көлігін тоқтатты.
"Шу қаласының тұрғындары 35 жастағы жүргізуші мен 46 жастағы жолаушыны және көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан төрт қап табылды, оның ішінен жалпы салмағы 96 келі 900 грамм "кептірілген марихуана" есірткі заты анықталды", - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асқар Жұмабеков.
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс үшін мүлік тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.