Жәнібек Әлімханұлы жеңісінен кейін әлем рейтингінде жоғарылады
Жәнібек Әлімханұлы жеңісінен кейін әлем рейтингінде жоғарылады
130
оқылды
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) профи-рингте өзінің оныншы жеңісіне жеткен соң BoxRec рейтингінде үздік ондыққа енді, — деп хабарлайды sports.kz. Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, орта салмақтағы әлемнің бұрынғы «тұрақты» WBA чемпионы америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) кездесті. Жекпе-жек он раундқа есептеліп, Әлімханұлының жеңісімен аяқталды. Брант тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты. Алтыншы раундта америкалық бір нокдаунға түсіп алды. Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы оныншы рет жеңіске жетті, ал Роб Брант үшінші жеңілісіне ұшырады. Осы жеңісінен соң қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде 13 орынға жоғарылап, орта салмақта үздік ондыққа кірді. Ал оның қарсыласы Роб Брат 15 саты төмендеп, 25 орынға тұрақтады.