UFC-дегі екінші жеңісі үшін Шавкат Рахмонов қанша гонорар алды?
UFC-дегі екінші жеңісі үшін Шавкат Рахмонов қанша гонорар алды?
Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың UFC алаңындағы екінші жеңісі үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Sports.kz порталы хабарлады. Бұл жекпе-жектен Рахмонов 28000 доллар тапты (шаршы алаңға шыққаны үшін 12000 доллар, жеңіс үшін 12000 доллар). Сондай-ақ UFC ынталандыру мақсатында 4000 доллар қосымша төледі. Еске салайық, Шавкат Рахмонов пен Мишель Празерис Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 190 турнирінде өнер көрсетті. Қазақстандық Рахмонов UFC-дегі қатарынан екінші екінші жеңісіне қол жеткізді. Рахмоновтың UFC промоушеніндегі алғашқы дебюті өткен жылдың қазан айында өтті.