Канадада бұрынғы мектеп аумағында 750-ге жуық баланың қаңқасы табылған
Канадада бұрынғы мектеп аумағында 750-ге жуық баланың қаңқасы табылған
156
оқылды
Канадада үндіс балаларына арналған бұрынғы мектеп-интернаттың аумағында 751 баланың сүйегінің табылуына байланысты, тағзым ету акциясы өтті, деп хабарлайды inform.kz. Балалардың қаңқасы 24 маусым күні Канаданың батысындағы Саскачеван провинциясында орналасқан бұрынғы мектеп-интернаттың аумағында табылған. Каусесс округінің жергілікті халқының қауымдастығымен ұйымдастырылған акция дұға оқудан басталды. Кейін қаза болған балалардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Балалардың құрметіне 751 балауыз майшамын жақты. Каусесс округінің жергілікті халқы қауымдастығының өкілі Джонатан Лераттың сөзінше, провинцияда алғаш рет балалардың қаңқасы 10 жыл бұрын табылған. Сондай-ақ ол қаңқалар мектеп-интернаттан 10 метр қашықтықта табылғанын айтты.