Қарағанды облысында карантин күшейтілді. Қаулыға облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігері қол қойды. Санитария дәрігері облыс аумағында карантин режимін ұзартуға қаулы етті. Эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін ойын-сауық мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің, мәдениет объектілерінің қызметіне тыйым салынады. Ал демалыс күндері сауда үйлері, фитнес-орталықтар, сауналар мен моншалар жұмыс істемейді. Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды (мерекелік іс-шаралар, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, туған күндер, шығарып салу, «құдалық», той, «беташар» және басқалар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізу және баруға тыйым салынады; - еске алу шараларын, соның ішінде үйде өткізуге тыйым салынған. Бірақ «Ashyq» жобасы іске асырылатын банкет залдары, мейрамханалар мен дәмханаларға ас беруге және келушілерге қызмет көрсетуге рұқсат; - «Ashyq» жобасы іске асырылып жатқан объектілерді қоспағанда, қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салынады, сондай-ақ олардың жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға рұқсат жоқ; - респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрынның ағуы, түшкіру, температура) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, дереу үйде медициналық көмекке жүгіну қажет; - «Ashyq»пилоттық жобасы іске асырылып жатқан объектілерді қоспағанда, ойын-сауық мекемелері (караоке, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, бильярд, боулинг орталықтары);