Астанада Халықаралық EXPO-2017 көрмесі болғаннан бері төрт жыл өтті. Қазір кешен елорданың басты іскерлік ортасына айналып, еліміздің табысты және жетекші даму институттарынының өркендеуіне ықпал етіп келеді. Оны көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мақұлдаған еді. Aikyn.kz астананың іскерлік орталығын құру идеясы қалай іске асырылып жатқанын біліп қайтты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік бағыттан іскерлік және туризм орталығына айналып келеді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов те айтқан еді. "23 жылда елорданың аумағы үш есеге артты. Халық саны кезінде 280 мың болса, қазір 1 миллионнан асып түсті. Нұр-Сұлтан жастар қаласы болып саналады. Мұнда халықтың 700 мыңға жуығы – 35 жасқа дейінгі жастар. Сонымен бірге, елордамыз әкімшілік қаладан іскерлік және туризм орталығына айналып келеді", - деген еді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов. Қазір EXPO-2017 кешен аумағында кез келген деңгейіндегі іс-шараларды өткізу үшін қажетті жабдықтармен жарақтандырылған заманауи алаңдар жұмыс істейді. Сонымен бірге дамыған сауда, қонақүй және көлік инфрақұрылымы іскерлік орталық экожүйесінің тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасайды. EXPO жаңа іскерлік орталығының 25 га аумағында 120 мың шаршы аумақ паркингі бар жалпы ауданы 350 мың шаршы болатын 15 нысан орналасқан. Көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде объектілердің ауданы 75 мың шаршыға ұлғайтылды, олардың толымдылығы бүгін 98%-ға жетті. Қазір кешенді ұстау шығыны - 6,5 млрд. теңге. QazExpoCongress ҰК басқарма төрағасы Аллен Шәйжүнісовтің айтуынша, компания 2023 жылдан бастап шығынын өзі өтеп, ел қазынасына табыс түсіреді. EXPO кешені мына бағыттарда жұмыс істейді: EXPO іскерлік кешенінің инфрақұрылымын ұстау, қызмет көрсету; NUR ALEM шарының жұмысын қамтамасыз ету; жылжымайтын мүлікті жалға беру, қызметтерді коммерцияландыру; ҚР аумағында және одан тыс жерлерде көрме өткізу, оның ішінде Дубай EXPO-2020 және басқа да халықаралық іс-шараларға қатысу, "Қазақстан" павильонының жұмысын қамтамасыз ету; шекара маңында сауда-экономикалық ынтымақтастық орталықтарын құру. [caption id="attachment_147317" align="aligncenter" > Фото: QazExpoCongress[/caption] Көрме кешенінің маңызды нысандарының бірі жаңа іскерлік орталықтың символына және туристерді тартатын орынға айналған – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы. [caption id="attachment_147322" align="aligncenter" > Фото: QazExpoCongress[/caption] 2018 жылдан бастап мұражайда еліміздің барлық өңірлерінің қатысуымен 150-ден астам ойын-сауық және білім беру іс-шаралары өткізіліп, 500-ден астам Kids&Students Future Energy ашық сабақтары ұйымдастырылды. [caption id="attachment_147320" align="aligncenter" > Фото: QazExpoCongress[/caption] Көрмеден кейінгі кезеңде NUR ALEM-ге 800 мыңнан астам адам келді. Шетелдік туристердің 15% ТМД, Қытай, АҚШ, Германия, Италия, Үндістан және т.б. елдерінен келген. Ұлттық компанияның активінде 2 102 орындық негізгі залы бар Конгресс орталығы және көпфункционалды алаңы және әртүрлі форматтағы конгрестік-көрме іс-шараларын өткізуге арналған Орталық Азиядағы ең ірі көрме орталығы – «EXPO» халықаралық көрме орталығы бар. [caption id="attachment_147324" align="aligncenter" > Фото: QazExpoCongress[/caption] [caption id="attachment_147326" align="aligncenter" > Фото: QazExpoCongress[/caption] Бұған бөлек, Ұлттық компания сауда инфрақұрылымын құру бойынша жұмыс жүргізуде, оның шеңберінде 4 трансшекаралық хаб құру жоспарланып отыр. Оларды дамытудың негізгі бағыттары: өндірістік кооперация, АӨК өнімдерін қайта өңдеу және сақтау, мультимодальдық тасымалдау, трансшекаралық сауда, сондай-ақ қоймалау және сақтау. 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап Мәскеу қаласында ХШЖК аумағында орналасқан «Қазақстан» сауда-көрме орталығы Ұлттық компанияның балансына қабылданды. Павильонның мақсаттарының бірі – қазақстандық тауарларды Ресей нарығында ілгерілету. Қазақстан Республикасының EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесіне қатысуын ұйымдастыру және дайындау аясында Ұйымдастыру комитеті белгілеген кестеге сәйкес Ұлттық павильонның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. [caption id="attachment_147327" align="aligncenter" > Фото: QazExpoCongress[/caption] Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық павильонына, Emirates, DP World, Enoc және АҚШ, Сауд Арабиясы Корольдігі, Германия, Италия, Жапония, Швейцария, ҚХР және т.б. елдердің корпоративтік павильондарына тікелей жақын жердегі «Мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде орналасқан. Биыл 1 қазанда қатысушы елдердің төтенше және өкілетті елшілері қатысатын көрменің ашылу салтанаты өтеді, 1 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен Қазақстанның ұлттық күнін өткізу жоспарланған, 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күні және Наурыз мейрамы 2022 жылдың 22 наурызына жоспарланған.