Қырғызстан президенті Қордай оқиғасына байланысты көңіл айтты
Қырғызстан президенті Қордай оқиғасына байланысты көңіл айтты
24.kz
413
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаны талқылады.
Қырғызстанның көшбасшысы қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы тату көршілік, серіктестік пен одақтастық Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтаудың маңызды факторы саналатынын атап өтті.